Қуат Хамитов алты айға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат Хамитов алты айға сотталды

28.01.2021

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов алты айға сотталды. Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл «билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» дегенді білдіреді. Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. Оның алдында спортшы шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте «Найман» лақап атымен танымал спортшы әлеуметтік желіде халықты билікке қарсы күш қолдануға шақырған болатын.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу