Қарағандыда мемлекетке 700 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда мемлекетке 700 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды

18.01.2021

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 700 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірген. Олар 2016-2020 жылдар аралығында қала аумағында жалған шот-фактураларды рәсімдеумен айналысқан. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 7 күдіктіні анықтаған. Тергеу барысында ұйымдасқын қылмыстық топ мүшелерінің құйтырқы әрекеті әшкереленген. Айталық, жалған келісім шарт жасау және шығындарды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде, салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында 13 кәсіпорын құрған. Осылайша бірнеше жол бойына бюджетке 700 миллион теңге залал келтірген. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу