Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 96-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 96-ға жетті

18.01.2021

Индонезиядағы алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 96-ға жетті. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 70 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Адамдардың бір орында көптеп жиналуына байланысты қауіпсіздік шаралары ескеріліп, коронавирусқа қарсы тестілеу жасалып жатыр. 

Айта кетсек, 15 қаңтарда Индонезияның Сулавеси аралында 6,2 балдық зілзала болды. Салдарынан 300-ден астам үй мен ғимарат қирады.

Ал Қытайда алтын кенішінде болған жарылыстан соң 22 адам жер астында қалды. Олардың 12-і өздерінің тірі екенін хат арқылы хабарлаған. Қалған 10 адамның өлі-тірісі белгісіз. Құтқарушылар кеншілерге ас-су мен қажетті заттарды арқанмен жөнелтіп отыр. Қазір оларды топырақ астынан шығару жолдары қарастырылып жатыр. Айта кетейік, оқыс оқиға қаңтардың 10-да болған еді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу