Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденді ұлықтау апталығының ашылуына қатысып, қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады. Әдеттегідей салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.
Пандемияға байланысты биыл шара онлайн-форматта өтті. Димаш ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, миллиондаған көрермен алдында өнер көрсетті. Ол 20 қаңтарда осы апталық аясында тағы бір ән орындайды.
Айта кетейік, АҚШ-Қазақстан қарым-қатынасының тарихында Президентті инагурациялау рәсіміне Қазақстандық әртістің қатысуы алғаш рет орын алып отыр.
Ақниет Балтанова