Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров жеңді

17.01.2021

Біздің елімізде сайлау болған 10 қаңтарда Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті және сайлаушылар мемлекетті басқару формасын анықтау мәселесі бойынша да еркін білдірді. Болжанғандай, сайлауға түскен президенттікке кандидат 17 адамның арасынан осыдан үш ай бұрын жақтастары түрмеден босатып алған Садыр Жапаров жеңді. Қырғызстанда дауыс беру құқығы бар 3 жарым млн-нан астам азаматтың тек 1 млн 354 мыңы ғана дауыс беруге барған, соның 80 проценті Жапаровты жақтаған. Сонымен қатар Жапаровтың президенттік билікті күшейту идеясы да құпталды.   

2020 жылдың қазанындағы парламент сайлауынан кейін басталған наразылық аясында түрмеден шығып, алдымен премьер-министр, сосын президенттің міндетін атқарушы болған, кейін сайлауға түсу үшін отставкаға кеткен Жапаров туралы «популист, Қырғызстанның Дональд Трампы» дегеннен бастап, «ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар жемқор» дегенге дейін сипаттама беріп, түрлі материалдар жарияланып жатыр. Дегенмен өзіне қатты сенетін сайлаушылар армиясын қалыптастыра алды деп жазады басылымдар.  

Жапаров қашып кеткен президент Құрманбек Бәкиевтің кезінде қызмет атқарған, кейін Жогоргу Кенештің депутаты болған. Құмтөр кенішін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен митингіні қаржыландырып, лауазымды тұлғаларды кепілге алуға пәрмен берген деген айыппен ол 2017 жылы 11 жарым жылға сотталған еді.


Хабарламаларға жазылу