Елімізде тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын утилизациялауға өткізу басталғалы жатыр. Бағдарламаға жауапты оператордың хабарлауынша, ескі техникаларды қабылдау 11 аймақта жүргізілмек. 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Талдықорғанда, ал 1-ші ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында. Ескі техника үшін шаруаларға 560 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін беріледі. Мәліметтерге сай ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының әбден тозығы жеткен. 40 мыңнан астам комбайн мен 150 мыңдай трактордың жүруінен тұруы көп. Сондықтан утилизация арқылы паркті жаңарту көзделген.
Досжан Маратұлы