Америкалық компания Қазақстанда суару жүйелері зауытын ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық компания Қазақстанда суару жүйелері зауытын ашады

13.01.2021

Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады. Премьер-Министр Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде компания президенті Стивен Каневскимен келіссөз жүргізді. Тараптар мал шаруашылығы, селекция, тұқым шаруашылығы, тамшылатып және жаңбырлатып суару, аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу келешегін талқылады. К

еліссөз қорытындысы бойынша тараптар арасында инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құруды және заманауи суару жүйелерін өндіретін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқаратын зауыт салуды көздейді. Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50-70%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу