Еліміздің солтүстік облыстарында бірнеше күннен бері қар жауып, боран соғып тұр. Ал Павлодар облысында көктайғақ. Сол себепті бірқатар республикалық, облыстық маңызды жолдар жабылды. Елді мекендердің ішінде жүріп-тұру қиындады.
Бұл шектеу шаралары хабарланбай жатып, жолға шығып кеткендер. Елорданың іргесіндегі Аршалы ауданында көліктер соғылған. Жалпы боранға қатысты Ақмола облысында барлық тас жолдар жабылды. Ал Көкшетауда 2 күн ішінде бір айдың қары жауды. Коммуналдық қызмет мекемелері көшелерді тазалап үлгермей жатыр.
Ғабділмәжит Жүнісов, қала тұрғыны:-Таңға жақын тұрсам, машиналардың бәрі қардын астында тұр. Тазалап үлгере алмай жатыр. Қаланың ішінде жүру мүмкін емес.
Ал Петропавлда коммуналдық мекемелер қар тазалап үлгермей жатыр. Көшелерге тұз бен құм себу үшін 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.
Қостанайда да коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты бүгін бірнеше бағыт бойынша тас жолдар жабылды.
Ал, Павлодар облысында, керісінше күн жылып, көктайғақтың кесірінен көлік апаты жиіледі. Облыс орталығынан Ақсу қаласына бара жатқан жолда екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті. Ал, Павлодар-Қызылорда тас жолында жеңіл көлік әуелі темір қоршауды, сосын жол тазалап жатқан ауыр машинаны соққан. Жүргізуші көз жұмды, 2 адам зардап шеккен. Қарағандыдан Теміртау қаласына баратын жолда ат құлағы көрінбейтін боранның кесірінен 6 көлік соқтығысқан.
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік өңірлерде ертең жел басылып, қар тоқтайды. Алайда алдағы күндері аяз күшейе түспек.
Ермек Елберген