Шетелдік сарапшы: Сайлау - мемлекет дамуындағы маңызды кезең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы: Сайлау - мемлекет дамуындағы маңызды кезең

11.01.2021

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы сайлауға байланысты пікір білдірді. Тәуелсіз британиялық сарапшы, баспагер Алан Спенстің айтуынша, Қазақстанда өткен саяси дода сайлау жүйесінің дамуындағы тағы бір жаңа кезең. Британиялық журналист Қазақстанда партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% мөлшеріндегі квотаны енгізу нәзік жандылар мен жас буын өкілдерін белсенді болуға және саяси процестерге қатысуға ынталандырмақ. Алан Спенстің пайымдауынша, бұл жолғы сайлау қоғам үшін ашық мемлекет тұжырымдамасының әрі қарай дамуына себепші болады. 

Алан Спенс, сарапшы: 
-Жексенбіде өткен парламенттік сайлау нәтижелері Қазақстандағы демократияны нығайтып, ел дамуына жаңа серпін береді. Менің көңілімнен шыққаны, бірқатар конституциялық заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу арқылы парламенттік оппозиция институты құрылып жатыр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның батыстық үлгідегі демократияға бағыт алғандығының белгісі.

 Нұргүл Ахметова 

Хабарламаларға жазылу