Exit poll нәтижесі жарияланды
«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Exit poll нәтижесін жариялады.
Қазақстанның «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Қазақстанда өткен Парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауы бойынша сауалнама қорытындысын жариялады. Институт сауалнаманың қателігі - 2% шамасында дейді.
Exit poll қорытындыға сүйенсек, Nur Otan партиясы - 71,97%, AqJol партиясы - 10,18%, Adal партиясы - 3,7%, Ауыл партиясы - 5,75%, Қазақстанның халық партиясы сайлаушылардың 9,3% дауысын жинаған.
«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова хабарлағандай, институт қызметкерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға шамамен 24 мың адам қатысқан.
«Сауалнамаға қатысқан азаматтарға бір сұрақ - «Қазақстан Республикасы Парламенттік сайлауында қай партияға даусы бердіңіз?» сұрақ қойдық. Exit poll-дың нәтижелері. Сайлаушылардың 9,3% Қазақстанның халық партиясына, 71,97% Nur Otan партиясына, 5,75% Ауыл партиясына, 10,18% AqJol партиясына, 3,7% Adal партиясына дауыс бергендерін айтқан», - деп хабарлады Айнұр Мәжітова.
Естеріңізге сала кетейік, осы партиялар барлығы 312 адамды Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынып отыр. Оның ішінде Ауыл – 19, Nur Otan– 126, Аdal– 16, AqJol – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды үміткер еткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егемендік декларациясы - жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:57
«Жүректен жүрекке» өнер фестивалі жас таланттарға қанат бітірді
23.10.2025, 20:48
«Агробизнес»: «Аграрлық несие корпорациясы» қаржылай қолдау көрсетеді
23.10.2025, 20:30
«Талдықорған-Үшарал» магистралді газ құбырының құрылысы аяқталды
23.10.2025, 20:30
Ипотекалық бағдарламалар қайта ашылады
23.10.2025, 20:30
Егемендік декларациясы – жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:30
Ақтөбеде жастар саябақты тазалады
23.10.2025, 20:30
«Хабар» агенттігіне – 30 жыл!
23.10.2025, 20:30