Шымкентте сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте сақтық шаралары күшейтілді

13.07.2023

Еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық. Әсіресе оңтүстікте шілденің нағыз шіліңгір ыстығы басталды. Күн райын болжау мекемесінің дерегінше, Шымкент қаласында алдағы екі күнде ауа температурасы 45 грдасуқа дейін көтеріледі. Осыған орай мегаполисте сақтық шаралары күшейтілді.

Шілденің шіліңгірінде жұрт өзен жағалап, судан сая іздейді. Шаһарда Қошқарата, Бадам, Тоғыс су айдандарынан бөлек 18 аквасаябақ жұмыс істейді. Күн райының ысуына байланысты бұл орындарда қауіпсізік шаралары күшейтілді.

Мерей Келеғұлов, Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында бірнеше мекемеге тиісті тапсырмалар беріліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, су айдындарындағы қауіпсіздікке байланысты 13 меморандум түзілді.

Бүгіннің өзінде түс қайта Шымкентте ыстық 46 градусқа жетті. Лүп еткен жел жоқ, ауа қапырық.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Көшеде бұрынғыдай сапырылысқан адам аз, есесіне тынысы тарылған жұрт субұрқақтарды төңіректеп жүр. Мөлдіреген судың көке шапшыған моншақ тамшыларынан жанға ләззат, денге жайлылық іздейді.

«Шілдеде өрт те жиілеп кетті. Төтенше жағдай қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың тұтануы туралы күніне 20-30 қоңырау келіп түседі», - дейді мамандар. Жалпы күн ысығалы мегаполис аумағында 400-ден астам өрт оқиғасы болған.

Әлібек Ысқақов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

Жоғары өтімді техникаларымыздың барлығы жауынгерлік дайындыққа әзірленді. Қазіргі таңда барлық техникамыз, барлық құрылғыларымыз жауынгерлік қызмет атқаруға дайын.

Ауа райын болжау қызметі аптап ыстық екі күнге созылатынын айтады. Апта соңында күннің беті қайтқанымен одан кейін шілде қайтадан күшіне мінбек.  


Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу