Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленді. Үкімді Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 29-сәуірінде Қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесінің құрылысы кезінде бюджеттің 1 миллиард теңгеден астам қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша экс-вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.
Шаяхметов вице-министр қызметіне 2011 жылдың қазан айында тағайындалған. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, нақты айтқанда, 2013 жылдың 8-мамырында ол өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ