Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу бойынша айыпталып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу бойынша айыпталып отыр

06.06.2019

Білім және ғылым вице-министрі  Эльмира  Суханбердиева Қылмыстық кодекстің үш  бабы бойынша айыпталуда. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады. Вице-министр қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі бойынша айыпталып отыр.  Эльмира Суханбердиева аталған айыптар негізінде сот шешімімен  екі айға қамауға алынған еді.

Жанна Бастарова, ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сот санкциясы бойынша Білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау  түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 2 бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты нақты жаза сотпен шығарылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу