Семейлік полицейлер жолда қалған адамдарды құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік полицейлер жолда қалған адамдарды құтқарды

08.01.2021

Семейлік полиция қызметкерлері тасжолда көлігі сынып далада қалып қойған әйел мен оның нәрестесін аман алып қалды. Қатты аязға қарамастан жолға шыққан жүргізушіге полицейлер дер кезінде көмекке келіп, көлігін жөндеп, қалаға дейін жеткізіп салған. Соңғы кезде шығыс өңірде 40 градусқа жететін сақылдағын сары аяздың беті қайтпай тұр. Күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары бір аптаның ішінде жолда қалған 90 нан астам көлік жүргізушісін құтқарған.

Күннің күрт суытуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында да көлігі қатып жолда қалғандар көбейді. Осыған орай өңірде патрульдік полицияның 15 экипажы қызмет етуде. Олар тәулік бойы автожолдарда кезекшілік атқарып, көмек көрсетуде. Жуырда, Челябі-Новосібір тасжолында ресейлік азаматтар мінген хюндай автокөлігі сынып, тоқтап тұрған жерінен таяу маңдағы қызмет көрсету орталығына жеткізілген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу