Орал қаласында жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Құрылысына 7 млрд теңге жұмсалған нысанның жалпы аумағы 7 мың шаршы метр. 200 орындық ауруханада ота жасау залдары, ультрадыбыстық зерттеу және рентген аппараттары бар. Сондай-ақ үш ПТР зертхана ашу жоспарланған. Науқастардың саулығын қадағалау үшін әр палата бейнекамерамен жабдықталған.
Надия Ахметова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
255 млн қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Cоған жабдықтар сатып алынды.
Рауан Диәли