Сайлау күні қоғамдық көліктер мен базарлар әдеттегідей жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау күні қоғамдық көліктер мен базарлар әдеттегідей жұмыс істейді

06.01.2021

Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері хабарлады. Ал Алматыда бұл күні қоғамдық көліктер, метро және базарлар штаттық режимде жұмыс істейді. Шаһар әкімдігінің хабарлауынша 10 қаңтар күні автобустар әдеттегідей ақылы болады. Ал базарлар қалыпты кесте бойынша жұмысын жалғастыра бермек.      

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу