Израиль екі апталық қатаң локдаун енгізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль екі апталық қатаң локдаун енгізеді

06.01.2021
Израиль екі апталық қатаң локдаун енгізеді

Коронавирустың ушығуына байланысты Израиль билігі елде екі апталық карантин енгізеді. Жаңа шектеулер 8 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл туралы The Times of Israel басылымы жазды. 

Израильде қазіргі уақытта вакцинация науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1,5 миллион адам, оның ішінде 60 жастан асқандардың шамамен 55% -ы екпе алған. Десе де, ел ішінде СOVID-19 жұқтыру деректері көбейген.

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху екі апталық локдаунды індеттің таралуын болдырмауға бағытталған соңғы әрекет деп атады. 

«Біз британиялық мутациямен бірге рекордтық жылдамдықпен таралып жатқан жаһандық індеттің эпицентрінде тұрмыз. Ол Израильге жетіп, көптеген адамның өмірін қиды. Сарапшылардың пікірінше, біз қауіпсіздікті сақтау үшін дереу шектеу шараларын енгізуіміз керек», – деп жазды ол Twitter-де.

Айта кетейік, локдаун кезінде Израиль тұрғындарына себепсіз үйден шығуға болмайды. Елдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Дәмханалар мен мейрамханаларда жеткізу қызметі ғана жұмыс істейді. Отбасылық шараларға тыйым салынады.

Worldometers порталының мәліметі бойынша, бүгінге дейін Израильlt 458 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 3,5 мыңға жуық адам індеттен көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз


коронавирус

Хабарламаларға жазылу