Ауылдардағы шағын шаруашылықтарды біріктіріп, мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар бөлу керек. «Ауыл» партиясының өкілдері бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы шаруалармен кездесті.
Инвестициялық субсидиялаудың арқасында, елімізде заманауи жылыжайлардың саны артып келеді. Сәйкесінше, өнім көлемі де ұлғаюда. Дегенмен, даму қарқынын әлі де күшейтуге болады. Ол үшін өндіріс кооперативтерін көбейту керек.
Дәурен Қуат, «Ауыл» ХДП партиясының мүшесі:-Қазақ баяғыда осылай қауымдасып отырған. Көшсе бірге көшеді. Жайлауына, қыстауына бірге барады. Бірге көшіп-қонып жүреді. Бір-біріне көмектескен. Осы дәстүрді қайтадан алып келуге болады.
Жиын барысында ауыз су мен жол мәселесі көтерілді. Мәдени орталықтар салу, жастарды ауылға тұрақтандыру да маңызды. Сондай-ақ, интернеттің кемшілігін де атап өтті.
Қанат Бекиев, «Ауыл» ХДП партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы:-Әр ауданда проблемалардың бәрін жинап, соны түйістіріп, орталық аппаратқа жіберіп жұмысты атқарып келе жатырмыз.
Партияның заң шығарушы органда өкілдік етуі –ауыл азаматтарының проблемаларын билікке жеткізудің мүмкіндігі.
Нұрхан Нұрланұлы