Бизнесті онлайн тіркейтін қызмет іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесті онлайн тіркейтін қызмет іске қосылды

30.12.2020

Бұдан былай үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей аласыз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халық банкімен бірлесіп жаңа қызмет құрды. Кәсіпкерлерді бюрократияға байламай, Onlinebank қосымшасы арқылы іске асатын жұмыс небәрі 5 минутты алады. Ол үшін Оnlinebank қосымшасы арқылы бизнесіңізді жүйеге қосып, банкте шотты да бірден ашасыз. Бағдат Мусин мемлекеттік қызметті алу процесін барынша жеңілдіріп, цифрландыруда монополия болмайды, дейді. Есепшотыңыз бен картаға қатысты сұрақтарды, есеп айырысуды қашықтан кез келген уақытта жүзеге асыруға болады. Сонымен бірге бұл қызмет кәсібіңіздің салығын өзі есептейді.   

Ақерке Бектас  


Хабарламаларға жазылу