Қостанай облысында «Онлайн тәлімгер» жобасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Онлайн тәлімгер» жобасы іске қосылды

03.10.2019

Жоба мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Яғни, жас маманға тәлімгер бекітіліп, жұмыстың қыр-сырын үйретеді, тәжірибемен бөліседі. Ерекшелігі - екеуінің арасындағы әріптестік ғаламтор желісінде онлайн арқылы жүзеге асады. Соның арқасында аудан, ауылдағы маманның облыс орталығында тұратын тәлімгердің күнделікті кеңесіне жүгінуіне мүмкіндігі бар. 

«Тәжірибелі ардагермен тығыз қарым-қатынас жас маманның жұмысын да ширатады, сенімін де нығайтады», - дейді жоба жетекшілері. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу