Мереке қарсаңындағы қарбалас. Алматыда бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Мамандардың дерегінше, қала көшелеріндегі ахуал 7 балға дейін жеткен. Әсіресе, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарының кей бөлігінде көлік қозғалысы қиындаған. Арнайы карталарда Сәтпаев, Төле би, Назарбаев және Сейфуллин көшелері қызыл және сары түспен бейнеленген. Ал Алатау мен Түрксіб аудандарында жағдай тұрақты. Айта кетейік, мобильді карталарда көлік кептелісі он балдық көрсеткішпен бағаланады. Мәселен, 0 мен 3 аралығындағы баға жолдың бос екенін, 4 пен 6 арасы қозғалыс қиындап бара жатқанын, ал 7 мен 10 бал арасы ірі кептеліс болғанын көрсетеді.
Нұрхан Нұрланұлы