Бизнесмендерге банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға салынған шектеу ұзартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесмендерге банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға салынған шектеу ұзартылады

29.12.2020

Жаңа жылдан бастап бизнесмендерге банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға салынған шектеу ұзартылады. Оның мерзімі 31 желтоқсанда аяқталуы тиіс еді. Бірақ Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі шеутеуді тағы ұзартып отыр. Оған сай, шағын бизнес иесі бір айда 20, орта бизнес 120, ірі бизнес 150 миллион теңге шеше алады. Шектеу көлеңкелі экономиканы азайтуға, бизнес субъектілерінің ашықтығын арттырып, заңсыз жолмен алынған ақшаны ұқсатып, жемқорлық фактілерін болдырмауға бағытталған.  

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу