ҰКП: Санитарлық өңдеудің жаңа ережесі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰКП: Санитарлық өңдеудің жаңа ережесі қажет

29.12.2020

Жүк тасымалына қатысты Қазақ-Қытай шекарасындағы жағдай ушығып барады. Жаңа жыл мерекесіне орай тауарын өткізе алмай кезек күткен кәсіпкерлер саны тіптен көбейген. Бірақ Қытай тарапының талабы қатаң. Карантинге байланысты жүк көліктері мен вагондарды зорға кіргізіп жатыр. Ал айлап кезек күткен экспорттаушылар шығынға баттық деп шулауда. Осы орайда ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытайға вагондарды санитарық өңдеуден өткізудің жаңа ережесін әзірлеуді ұсынып отыр. Яғни шекарада жүргізілетін залалсыздандыру жұмысы көп уақытты алады. Кәсіпкерлер осы санитарлық өңдеуді енді Қытаймен бірігіп, қазақ жерінде алдын ала жүргізуді ұсынып отыр. Сонда көліктер мен вагондар бекетте кідірмес еді дейді.  

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу