Әлеуметтік маңызы бар тауар мен дәрі-дәрмектің бағасына бақылау жүргізіп, тұрақтандыру үшін елде Derekhub.kz платформасы құрылды. Сауда және интеграция министрлігі өкілдері электронды жоба арқылы тауар қоры да есептелетінін жеткізді. Айтуынша, пандемия кезінде тауар бағасы 30%-ке дейін қымбаттаған. Бекітілген шекті бағаның өзгермеуін енді қашықтан бақылауға болады. Енді әрбір дүкен мен сауда желісі электронды базаға тіркеліп, сөредегі тауар құнын енгізеді.
Ақерке Бектас