Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ «Брексит» жөнінде ортақ келісімге келді. Осылайша 4 жылға созылған даулы мәселе өз шешімін тауып, Британия Одақпен желтоқсанның 31-де біржолата қоштаспақ. Енді ағылшындар ұйымға мүше 27 мемлекетпен көлік қатынасы, балық аулау, энергетика, қауіпсіздік саласында жаңа ережелер бойынша жұмыс істейді. Яғни сол елдермен еркін сауда қатынасы, туристердің кедергісіз жүріп-тұруы шектеледі. Келісімшарт екі тараптың да экономикасына миллиардтаған шығын әкелуі мүмкін. Десе де ресми Лондон да, Еуроодақ басшылығы да жасалған ымыраға көңілдері толатынын жасырмады.
Жансая Қапасқызы