Ұйғыр ауданындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйғыр ауданындағы құс фабрикасында 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды

23.12.2020

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы құс фабрикаларының бірінде 40 мыңнан аса тауық қырылып қалды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, екінші бройлер цехының үшінші корпусында климатты бақылайтын компьютер істен шыққан. Бұл ауа өткізіп тұратын клапандарды жауып қалған. Салдарынан бөлмедегі температура көтеріліп, оттегі азайған. Соның кесірінен құстарға ауа жетпей қалған. Бұл ақпаратты кәсіпорынның мал дәрігерлік қызметі де растап отыр.  


Ұйғыр ауданы құс фабрикасы тауық

Хабарламаларға жазылу