Павлодарда Абайға ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Абайға ескерткіш орнатылды

23.12.2020

Павлодарда ұлы Абайға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 10 метр, тұғыры мәрмәр. Монумент авторы - Асқар Нартов. Айта кету керек, ұлттың рухани ағартушысы, адамзаттың алыбы атанған кемеңгерге қойылған бұл аймақтағы алғашқы еңселі ескерткіш. «Осы тұрғыдан алғанда бұл Кереку жұрт үшін тарихи маңызы бар оқиға», - дейді ұлт жанашырлары. 

Ғарифолла Есім ҚР Ғылым академиясының академгі, абайтанушы:
Өзін елмін, халықпын, мемлекетпін деген жерде сол елдің мықты-мықты тұлғаларына ескерткіш қойылады. Бұл өркениетті тәсіл. Сондықтан сіздер осы өркениетті жолға түсіп отырсыздар. Бұл - Абайдың жолы, елдік жол. 

Болат Аманбаев

Абай Құнанбайұлы ескерткіш

Хабарламаларға жазылу