Алматы қаласында екі аптада бірқатар тауардың бағасы қымбаттады. Ұлттық банк азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бірқатар сауда орталығы мен базардағы бағасына бақылау жүргізген. Екі апталық мониторинг кезінде қырыққабат, қызылша секілді көкөністердің құны 30-50 процентке, сары май 29%-ке, ал ұнның бағасы 6,7%-ке шарықтағанын анықтады.
Ал киім-кешектің бағасы 36,4%-ке, аяқ киім 22%, тұрмыстық техника құны 1,3%-ке қымбаттаған. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифі 2%-ға өскен. Жауаптылар бағаның қымбаттауына бастапқы сатып алу құнының өсуі себеп дейді.
Ақерке Бектас