Ұлттық арнада сайлауға қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада сайлауға қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді

22.12.2020

Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді. Оған әр партия атынан бір үміткер қатысып, науқан алдындағы жоспарларымен бөліспек. Дәл қазір осы алаңнан Раушан Сайлауқызы тікелей байланысқа шығады.  

Раушан Сайлауқызы, тілші:

-Санаулы минуттардан кейін дәл осы алаңда саяси тартыс басталады.  
Қазір міне өздеріңіз көріп тұрғандай, ұйымдастырушылар мен техникалық топтың дайындығы қызу. Үміткер партия өкілдері де студияға келіп үлгерді. Олар арнамыздағы «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрады. Сондай-ақ сайлаушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді. Жалпы, теледебат 4 бөлімнен тұрады. Бағдарламаға әр партиядан бір үміткер қатысады. Мәселен, «Қазақстан Халық партиясы» атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.    
Бұл бағдарламаға тек үміткерлер ғана емес, дауыс берушілер де белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіруіне немесе сауал жолдауына болады. 

Раушан Сайлауқызы


сайлау партия теледебат

Хабарламаларға жазылу