11 қарашада президенттікке үміткерлер арасында теледебат өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 қарашада президенттікке үміткерлер арасында теледебат өтеді

08.11.2022

Президенттікке үміткерлер арасында болатын теледебат қарашаның 11 күні өтеді. Бүгін осыған орай Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады. Сайлау алдындағы пікір сайыстар 4 кезеңнен тұрады. Олар алдымен сайлау бағдарламаларын таныстырады. Сосын қарсыластарына сұрақ қояды. Сайлаушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, үндеу жасайды. Теледебат алдағы жұма күні кешкі сағат 20:00-де өтеді.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Кім қай тілде сөйлегісі келеді, кім қай тілде сұрақ қойғысы келеді, сол тілде өтеді, сол тілде әңгіме жүргізіледі. Мысалы, сайлаушылардың атынан да сұрақтар келуі мүмкін. Сол қай тілде сұрақ қойылады, сол тілде жауап беріледі.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу