Шетелдік банктен шот ашып, сыйлық алуға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік банктен шот ашып, сыйлық алуға болмайды

21.12.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жаңа заңға қол қойды. Оған сай ірі және аса ірі көлемде ақша жымқырып, немесе пара беру алу бойынша сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босай алмайды. Сонымен бірге шенеуніктер, оның ішінде жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазым иелеріне шетелдік банктерде есепшот ашып, ақша мен өзге де құнды заттарды сақтауға тыйым салынды. Әрі бағалы сыйлықтарды алуға болмайды.  

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу