Жаңа жылдан кейін оқушылар мен студенттер оқу орындарына орала бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдан кейін оқушылар мен студенттер оқу орындарына орала бастайды

20.12.2020
Жаңа жылдан кейін оқушылар мен студенттер оқу орындарына орала бастайды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. 

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Жаңа жыл мерекесі кезіндегі шектеу шаралары мен Жаңа жылдан кейін оқу процесін ұйымдастыру мәселелері қаралған. Кеңес қорытындысы бойынша ВАК бірқатар шешім қабылдады. Атап айтсақ, 

-2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады;
-Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі;
-Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің ресми сайты хабарлағандай, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, оқу процесіне қатысты мынандай шешім қабылданды: 

-оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын;
-оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
-II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.



Хабарламаларға жазылу