ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңға сәйкес енді парамен тұтқындалғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыға алмайды. Сонымен қатар жемқорлыққа қатысы бар қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың жазасы қатаңдатылады. Және мемлекеттік қызметшілерге, парламент депутаттарына және судьяларға шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салынады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мемлекет басшысы cондай-ақ Қазақстан аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін заңға және персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңға қол қойды.