Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі пайда болды. Ғалымдардың болжамынша, ол адамнан адамға жылдам жұғады.
Инфекцияның жаңа штаммы 60 шақты ауруханада мыңға жуық адамнан анықталған. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған вирустың «әдеттен тыс ерекшелігі» әзірге байқалмады деп отыр.
Нидерланды болса 5 аптаға қатаң карантин жариялады. Азық-түліктен басқа барлық дүкендер жабылады. Мектептер мен жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшті. Тәулігіне 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатқандықтан, ел билігі осындай шара қабылдауға мәжбүр.
Ал АҚШ-та «ковидтен» қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты. Мұнда індеттен күніне екі жарым мыңдай науқас көз жұмады. Дендеген дертпен күресу үшін елде жаппай екпе егу науқаны басталды.