Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус анықталды

15.12.2020

Елімізге ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың екеуі Ыстамбұлдан Алматыға, төртеуі Шарм-эль-Шейхтан Нұр-Сұлтанға келген. Кеше 661 адамнан коронавирус анықталса, 914 адам індеттен жазылған. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 22 шалдығып, 2 науқас қайтыс болды. Жалпы, қазір емделіп жатқандардың арасында 239 науқастың жағдайы нашар. 37 адам ауыр халде болса, тағы 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Раушан Сайлауқызы                                                            


коронавирус

Хабарламаларға жазылу