Қарағанды облысының Шахан кентінде болған апаттан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті.
Жерлеу рәсімі кезінде тұрғындар жергілікті атқарушы билік пен Мәжіліске орталықтандырылған жылу қазандығын салып беру туралы талап-тілектерін білдірді. Тоғыз адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік апаттан қабырғасы қайысқан ел: «жылу қазандығы салынғанда, мұндай орны толмас қаза болмас еді», деп күңіренеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ