Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында жолаушылар автобусы аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында жолаушылар автобусы аударылды

14.12.2020

Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында Гүлшат елді мекенінің маңында 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. 8 адам ауруханаға жеткізілген. Жарақаты ауыр бір жолаушы стационарға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалған  

Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі:  
-Оқиға орнына жедел жәрдем барды. Автобустағы 2 адам медициналық көмекті қажет етпеген. Қалған 8-і Балқаш ауруханасына жеткізілген болатын. Екі жолаушының жарақатына байланысты оларды стационарға жатқыздық. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ал қалған жолаушылар алғашқы көмектен соң үйлеріне жіберілді.   

Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург автожолының бойында «MAZ» маркалы жүк көлігі аударылып, 15 тонна күкірт қышқылы төгіліп қалды. Ал жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің әскерилері залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.   

Руслан Нұрланұлы  


Алматы-Екатеринбург

Хабарламаларға жазылу