Павлодардың білім басқармасы колледж студенттеріне шетелдік қымбат көлік әперіп, оны оқу құралы, яғни, макет ретінде пайдаланбақ болған. Алайда, 22 млн теңгеден астам бюджет қаржысы бұл мақсатқа жұмсалмады. Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарнама шығысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармаға ескерту жасаған.
Ардақ Балғожин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Әлеуметтік желілер жазып жатыр. Бізге «көліктерді сатып алғанша күтіп, кейін неге қылмыстық жазаға тарпадыныздар деп, тікелей сауал қойып отырғандар да көп. Мақсат - біреуді жазалау емес, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта отандық емес қымбат көлік мінуге заңмен тыйым салынған. Біз соны орындадық.
Өскемен қаласы әкімдігінің аппараты 4 миллион теңгеден астам қаржыны қаламсап алуға жұмсамақ. Бір қаламсаптың құны 17 теңге. Қаламсап облыс орталығындағы сайлау учаскілеріне таратылады. Шығыстың бас шаһары короновирус бойынша таяуда ғана «қызыл аймақтан» шықты. Сайлау учаскісіне келген адамдар бір қаламсапты бірнеше рет ұстамас үшін жазу құралының 237 мың данасы әзірленген.
Болат Аманбаев