Демалыс және мереке күндері аймақаралық жолдар жабылмайды - Жанна Пралиева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыс және мереке күндері аймақаралық жолдар жабылмайды - Жанна Пралиева

11.12.2020
Демалыс және мереке күндері аймақаралық жолдар жабылмайды - Жанна Пралиева

Елорданың айналасына блокпостар қойылмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді. 

«Бас қала «қызыл» аймаққа өткендіктен барлық нысандарда арақашықтық сақталып, маска тағу режимі басты санитарлық талап болып қала береді. Демалыс және мереке күндері аймақаралық жолдар жабылмайды, автобустар жүріп тұрады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласының қауіпті аймаққа кіруіне байланысты жаңа қаулы дайын екенін де жеткізді және алдағы мереке күндері жағдай бақылауда болатынын айтты.


Жанна Пралиева жол мереке Демалыс

Хабарламаларға жазылу