Елордада 31 мектеп карантин талаптарын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 31 мектеп карантин талаптарын бұзған

29.09.2020

Елордада 31 мектеп карантин талаптарын бұзған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты. Оның сөзінше, шаһардағы барлық білім беру ұйымдарына арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 31 мектепті карантин талаптары сақталмағаны анықталған. Яғни, білім ошағының басшысынан бастап, ұжым және ата-аналар маска тақпаған. Тіпті, бір директор әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ Жанна Пралиева жаңа оқу жылы басталғалы 6 оқушының COVID-19-бен ауырғанын айтты. Оның бесеуі қашықтан оқыса, біреуі - мектепке келіп жүрген бала. 

Жанна Пралиева, қаланың бас санитар дәрігері:
Осы жағдайға байланысты оқушымен қарым-қатынаста болған 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Барлығында індет анықталмады. Мектепте дезинфекция жүргізіліп, оқушылар мен мұғалімдер үй карантинде болды. Бүгінде олар сабаққа қайта кірісті. 

Бір қуантарлығы, балабақшаларда қауіпті кеселді жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеген. Сондай-ақ коронавирустың екінші толқынына елордалық мекемелер дайын. Арнайы үш кезеңді жоспар құрылып, індеттің бірінші толқынында қиындық туғызған түйткілдер толық шешілген. Яғни, стационардағы төсек орындар саны 3600-ден 5600-ге, өкпені желдету құрылғылары 185-тен 434-ке ұлғайтылды. КТ және жаңа цифрлық рентген аппараттар да, жеткілікті. Ал жедел жәрдем бригадаларының саны қажет болған жағдайда 100-ге дейін жеткізілмек.

коронавирус карантин COVID-19 қашықтан оқу кешекші сыныптар бас санитар

Хабарламаларға жазылу