Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13818 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 999 бала бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, еліміздегі стационарларда 3862 науқас жатыр, 9 956 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Жалпы, науқастардың арасында 237 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте Қазақстанда 836 адамнан коронавирус табылды. Осылайша ел бойынша ковид жұқтырғандар саны 139995-ке жеттi. Оның 124056-сы індеттен емделіп шықты.
Сондай-ақ бір күнде 137 адам пневмонияға шалдыққан. Жалпы 1 тамыздан бері 43635 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылды. 31282 адам жазылып шықты.
Коронавирус пен пневмониядан соңғы бір тәулікте 13 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны - 2121-ге, пневмониядан көз жұмғандар саны 462-ге жетті.