«Қызыл» аймақ: Өткен тәулікте елордада 121 адам індетке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл» аймақ: Өткен тәулікте елордада 121 адам індетке шалдыққан

10.12.2020

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді. Өйткені, соңғы екі күнде елордада вирус жұқтырғандар саны басқа өңірлерге қарағанда көбейіп кеткен. Кеше бір күннің өзінде 121 адам індетке шалдыққан. Қазір карантин талаптарын күшейту бойынша жаңа қаулы қаралып жатыр. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында соңғы күндері індет жұқтырғандар саны азайып, өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.   

Ержан Байтана, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:  
-Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамай кетті. Ол көбіне маска тағуды доғарды, қолдарын жиі жуып, антисептиктерді пайдалануды доғарды. Сонымен қатар бізде той және де кештер өткізу, тығылып өткізу мәселелелі көбейіп кетті. 

Кешелі бері елге 169 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келген. Жалпы Нидерланды, Корея, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Белорусь және Өзбекстан мен Мысырдан 1 мың 200-ге жуық жолаушы келсе олардың ішінде Мысырдан оралғандардың жартысынан астамында тест қорытындысы болмаған. Анықтамасыз жеткен ел азаматтары карантинге оқшауланып, COVID-19-ға тест тапсырды. 54-інен теріс нәтиже шықса, қалған 115 жолаушы сынама нәтижелерін күтіп отыр.

Нысаналы Ығыл


«Қызыл» аймақ Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу