17 мың адам қаржы пирамидасына алданып, 21 млрд теңге шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 мың адам қаржы пирамидасына алданып, 21 млрд теңге шығынға батты

09.12.2020

Тұрғындар тағы да қаржы пирамидасына алданды. 17 мың азамат ломбардтың атын жамылған алаяқтарға ақшасын беріп, 21 млрд теңге шығынға батқан. Бас прокуратураның хабарлауынша, елде 350-ден аса ломбард пен онлайн-несие беретін ұйымдар тексерілген. Көбісі жасырын комиссия ұстап, микрокредит бойынша пайыздық мөлшерлемені негізсіз көтеріп, тіпті кепілге қойылған затты заңсыз сатқан. Тексерістен соң қарыз алушылардың 130 млн теңгесі қайтарылған. Ал қаржы ұйымдарына 70 млн теңгеден аса айыппұл салынды. 1 қаңтардан бастап микроқаржылық ұйымдарға лицензия алу міндеттелетінін еске саламыз.  

Ақерке Бектас


Қаржы пирамидасы шығын ломбард

Хабарламаларға жазылу