Кинотеатрлар 20 млрд теңге шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинотеатрлар 20 млрд теңге шығынға батты

19.10.2020

Елде карантин басталғалы бері қазақстандық кинотеатрлар 20 миллиард теңге шығынға батқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, кинотетарларға осы кезде барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Олар жеке табыс және әлеуметтік салықтардан жыл соңына дейін босатылған. Тексерістер де жүргізілмейді. Министр әзріге елдегі кинотетарлардың қашан ашылатыны белгісіз дейді. Өйткені олардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген елдерде қайтадан қатаң шектеулер енгізілген.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Театрлардың, кинотетарлардың, жалпы ұйымдардың ашылуы-жабылуы туралы пандемияға байланысты ведомствоаралық комиссияның шешімі негіз болады. Енді тек қана карантиндік нормаларға, эпидемиялық жағдайға байланысты болып тұр. 

Фариза Мұсақызы

карантин шығын кинотеатр

Хабарламаларға жазылу