Алматыда мейрам қарсаңындағы ұжымдық отырыстарға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мейрам қарсаңындағы ұжымдық отырыстарға тыйым салынды

09.12.2020

Алматыдағы эпидахуал күрделене түсті. Желтоқсан айының басынан бері 600-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған. Бұл қазан айымен салыстырғанда 4 пайызға жоғары. Қазір шаһардағы соңғы жағдайды баяндау үшін Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып отыр.  

Қуан Нұрақын, тілші: 
-Мегополис коронавирустың таралуы бойынша қайтадан «сары аймаққа» енді. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің сөзінше COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Жандарбек Бекшин басты себеп ретінде азаматтардың қоғамдық орындарда жиі жүруімен байланыстырады. Бүгінгі брифинге бас санитар алдағы эпидахуалға қатысты болжамын да жеткізді.  
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:  
-Болжамды өсу байқалады. Бірінші аптада 429 жағдай болса, төртінші аптада 563 жағдайға дейін өсуі мүмкін. Желтоқсан айында оптимистік болжам бойынша 1900 жағдай күтілуде. Және 2100-ден астам пессимистік жағдай болжанады.  
Қуан Нұрақын, тілші: 
Сондықтан коронавирустық инфекцияның өршуін тоқтату мақсатында бірқатар шектеу шарасы қабылданды. Мәселен, қоғамдық көліктегі жолаушылардың санын азайту мақсатында 15 адамнан көп жұмыс берушілерге қызметкерлерінің 60-тан 80% - ға дейін қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ескерту жасалып, жаңажылдық және мейрам қарсаңындағы ұжымдық отырыстарға тыйым салынды.  

Қуан Нұрақын 


Алматы ұжымдық отырыс Жандарбек Бекшин

Хабарламаларға жазылу