Ақтау қаласы маңындағы Қаракөлді мекендеген аққулардың видеосы жарияланды. Аталған көл үйрек пен қаз, аққу мен қоқиқаздың тұрақты мекені. Мұнда қазір 300-дей аққу бар. Бейнежазбаны жергілікті тұрғын түсірген. Ол бұған дейін қоқиқаздардың таңғажайып көрінісін жариялаған болатын.
Аягөз Оралбайқызы