Жамбыл облысында бүтін бір отбасы моншаға түсіп, жазым бола жаздады. Жалпақтөбе ауылында, жеке тұрғын үйдегі моншаға 4 баласымен түскен әйел иіс тиіп, жансақтау бөліміне түскен. Ең кішісі небәрі бір жаста. Қазір жағдайлары жақсарып келеді.
Зейнеш Дәуірбаева, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері:
Қабылдау бөлімен келгеннен кейін сотурацияларын өлшеп, оттегі берілді, көктамырға тамшылатып дәрілер салынды, жағдайларының ауырлығына байланысты педиатрия бөліміне жатқызылды.