Қызылорда облысындағы электр желілерінің 60 пайыздан астамы ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы электр желілерінің 60 пайыздан астамы ескірген

08.12.2020

Қызылорда облысында Байқоңыр қаласындағы үлкен электр станциясынан ақау шығып, аймақтың басым бөлігі жарықсыз қалды. Бүгінде қайта жарықтандыру жұмыстары қолға алынып, электр желілері қалыпқа келтірілуде. Мәселен, электр энергиясыз қалған жылу орталығы мен су тоғаны бір сағатқа тоқтап, тұрғындар үшін қиындық туғызды. Салдарынан жылу магистралінен 350 тонна су далаға ағып кеткен. Тұрғын үйлер енді ғана ыстық сумен қамтамасыз етіліп жатыр. Ал электр жарығы бойынша жағдай тіпті күрделі. Облыста электр жүйелерінің 60 пайыздан астамы ескірген. Сондықтан, жарықтандыру мәселесі әзірге толық шешімін тапқан жоқ.

Руслан Нұрмағанбетов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқарма басшысы: 
Жалпы КРЭК құрамында 12 мыңнан астам электр желілері бар. 2 мыңға жуық подстанция бар. Олардың бүгінгі таңда 60 пайыздан астамы тозған. Енді жылда біз 4-5 подстанциядан жаңартып жатырмыз. Барлығын бір мезетте жаңалау мүмкін емес. Оған үлкен қыруар қаражат керек.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу