Аутизмі бар балалар статистикалық мәліметтерден біршама көп деп есептейді Назарбаев университетінің ғалымдары.
Олар осы диагноздың дұрыс қойылуы үшін көлемді зерттеу жүргізген. Ғылыми жобаға жетекшілік еткен профессор ассистенті Мишель Сомертонның байламына сүйенсек, ресми мәліметтің нақты болмау себебі - диагностика процесі көп жағдайда субъективті және дәрігерлер жеке бақылауына арқа сүйейді. Ал дәрігерлердің өзі арнайы дайындық пен жаңа зерттеулердің қорытындыларына мұқтаж.
Аутизм мінездемесі – тіл мен әлеуметтік жүріс-тұрыс – өзгермелі, сондықтан көп бала мектеп жасына дейін – 6-7 жасқа дейін диагноз қойылмай жүріп қалуы мүмкін. Кейде дәрігер ата-ананы жұбатып, өсе келе, қойып кетеді деп қателеседі. Ал соңғы уақытта аутизм табиғатын түсіну пайымы артып, диагностика критерийлері өзгеріп жатыр. Сондықтан диагноз қоятын қазақстандық мамандарды ең соңғы мәліметтермен қамтамасыз ету – өте маңызды дейді ғалымдар.
Үш баласы да ерекше – үшеуіне де аутизм диагнозы қойылған Гүлдананың тарихын штрих қылып алған Азамат Алдоңғардың материалы.