Бюджет қаржысын бір реттік байқауларға емес, балалардың мәселесін шешуге бағыттау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет қаржысын бір реттік байқауларға емес, балалардың мәселесін шешуге бағыттау керек

04.05.2022

Бюджет қаржысын бір реттік байқауларға емес, балалардың мәселесін шешуге бағыттау керек. «Amanat» партиясы жанындағы Республикалық отбасы және халықты әлеуметтік қорғау қоғамдық кеңесіне қатысушылар осылай деді. Балалар жылына орай, Үкімет тиісті жоспар дайындағанымен, маңызды іс-шаралардың үлесі 35 пайыздан аспайды. Қалғаны балалар үшін пайдасыз. Жалпы , биыл балалар жылына орай 100 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат аутизмі бар жеткіншектерге арналған орталықтар мен дене шынықтыру залдарын ашу секілді маңызды іс-шараларға жұмсалмақ.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз мүгедек баланы санаторий-курорттық емдеуге алып барған ата-анасының біреуіне бірінші қажеттілік шығындарының өтелуін ұсынамыз. Мәселен, сол жерде тұру және тамақтану шығындары.


Хабарламаларға жазылу